Хабар телеарнасы

Нәби Тойғанбекұлы

Нәби Тойғанбекұлы

Әкем Тойғанбекұлы Нәби Ұлы Отан соғысына 1942 жылы Алматы облысы, Кеген ауданына қарасты Ақсай ауылынан аттанып, 1944 жылы алған жарақатына байланысты елге оралды.

Сталинград түбінде фельдмаршал Паулюсті қолға түсірген ауыр шайқасқа қатысып, Отанымыздың орден-медальдарымен марапатталған. Сталинград қаласының құрметті азаматы. Соғыстан кейін алған жарақатына қарамастан, еңбекке араласып, ел экономикасын көтеруге өз үлесін қосты. Анамыз екеуі төрт бала тәрбиелеп, одан көптеген немере көрді. Әкем жұмыстан қолы босаған сәтте қолына қалам алып, өлең жазатын. Әкем 2000 жылы 76 жасында дүниеден өтті. Майдан тақырыбына жазған өлеңін Ұлы Жеңіс қарсаңында өлең сүйер қауымға ұсынуды жөн көрдім.


Сын сағат
Көп ұлтты Отанымның түлектері,
Жаумен соғыс, Отаны күзеткені.
Әділ іс «Біз жеңеміз! Жауға өлім», – деп,
Сенімі артып шындыққа жүректегі.

Ыза-кек ұласты да бойда қайрат,
Әр солдатты жеңіске бастап қайрап.
Жауды қуу, Отанды азат ету,
Oсы мақсат жүректе тұрған сайрап.

Беріп тұр Отан-Ана өз бұйрығын,
«Күш жұмса, түйіңдер!», – деп ат құйрығын.
«Қанға қан!», – деген ұран көтерілді, сұмдығын.

Ұрандап, ұлы дабыл көкті шарлап,
Сын сағатта әркімге түсті салмақ.
Өмір сүру, не өлу деген мақсат,
Күш беріп алға қарай жүрген бастап.

Қолма-қол, қоянқолтық болды шайқас,
Қанжармен кескілескен адам айтпас.
Мылтықтың дүміменен басты мыжып,
Өжет солдат өршіді оқтан қайтпас.

Орыстың найзасынан қашқан неміс,
Есінде жыя алмастан еміс- еміс.
Қолма қол қару ұстап келген кезде,
Жоғалды зым- зия боп бәрі тегіс.

Жау жеңілді Мәскеудің іргесінде,
Қаларлықтай мәңгілік мүлде есінде.
Менменсінген фашистер таяқ жеген,
Жеңілудің түстіде түрмесіне.

Көз тіккен солдат саңлақ алғы шепке,
Нысана жау денесі алған бетке.
Мақсаты көздегені көксегені,
Жібермеу жалғыз оғын тектен текке.

Танктер таптап барады қазған орды,
Аңғармастан тосқауыл темір торды.
Толассыз тоқтамастан өтеміз деп,
Болат сауыт жайпаған оңды солды.

Миномет ышқынғанда дамыл таппай,
Ысқырып ыңыранып кірпік қақпай.
Еңкілдеп, ерегісіп, итше арпылдап,
Соңында ол жібермейді әйтеу қаппай.

Авторы: Бектұрған Тойғанбеков