Хабар телеарнасы

Мұханғалиев Қизат (1924-2018 жж.)

Мұханғалиев Қизат (1924-2018 жж.)

Мұханғалиев Қизат ШҚО, Бесқарағай ауданы, Кривинка ауылының ардақты ақсақалы 1942 жылы қыркүйек айында Отан алдындағы борышын өтеу мақсатында әскерге шақырылып, 1943 ж. ақпан айында соғысқа кірген болатын. Соғыста артиллериялық бөлімшенің 156 дивизиясында, 434-полкте байланысшы қызметін атқарып, қайсар атам Ленинград үшін шайқастарға, Белоруссия, Украина мен Шығыс Пруссияны және оның бас қаласы Кенигсбергті жау қолынан азат етуге қатысты.

Ұлы Жеңіске қосқан үлесі ескеріліп «Ерлігі үшін» медалiмен, «ІІІ дәрежелі Даңқ» ордені, «ІІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталды.

Соғыстан кейінгі жылдары «Ұлы Отан соғысы жеңісіне 30, 40, 50, 60 жыл толуына» байланысты мерекелік медальдармен, «СССР қарулы күштерінің 70 жыл толуына» байланысты медалімен, «Р.Н.Жуков медалімен», «Украинаны азат еткені үшін» медалімен, бейбіт уақыттағы еңбегі бағаланып «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

Авторы: жиені Мақпал Жасқайратова