Хабар телеарнасы

Рашев Жылқыбай

Рашев Жылқыбай

Ұлы Жеңіске үлес қосқан нағашы атам Рашев Жылқыбай туралы айтқым келіп отыр.

Жылқыбай атам Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Өндіріс ауылында дүниеге келген. Атамыз үйінің үлкені болған, әкесі ерте қайтыс болғандықтан, еңбекке өте ерте араласады. Мектепті де үздік бітірген. Атамыз жап-жас өрімдей болса да, 1942 жылы соғыс майданына аттанады. Соғыста екі рет жараланады, әлі есімізде сол жақ иығында оқ тиген із болған.

1945 жылы соғыстан үйге оралады. 1946 жылы апамыз Жұмакүлмен отау құрады, екі балалы болған соң, Шымкентке техникумға оқуға түсіп, бітіреді. Коммунар совхозында агроном болып жұмыс істейді. Атамыздың артынан қалған үш ұлы, төрт қызы бар. Өкінішке қарай қызы Зәуреш дүниеден өтті.

Алла қаласа биыл атамыздың 100 жылдығына орай құран оқытуға ниет етіп отырмыз!

Авторы: Оспанқұлова Айнұр