Хабар телеарнасы

Баймағұлов Сүлеймен (1922-1973 жж.)

Баймағұлов Сүлеймен (1922-1973 жж.)

Атам Баймағұлов Сүлеймен 1922 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Жүрекадыр ауылында туған. 1941 жылы 19 жасында соғысқа алынып, Алматыда запастағы полкте әскери дайындықтан өтіп, сол жылы Калинин майданында соғысқа кірген.

1942 жылы наурыз айының аяғында басынан ауыр жараланып, әскери госпитальде емделіп, қазан айында ІІ топтағы мүгедек болып елге қайтады. 1943 жылы жарақаты толық жазылмаса да, майданға көмектесу үшін колхозда әртүрлі жұмыстар атқарады. Кейіннен мал дәрігерлік оқуды бітіріп, мал дәрігері, ауылдық кеңес төрағасы, ферма меңгерушісі міндеттерін атқарады.

1973 жылы 3 мамырда соғыста алған жарақат зардабынан қайтыс болады.

«Ерлігі үшін», «Жеңіске 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Атамыз алты бала (үш ұл, үш қыз) тәрбиелеп, өсірген.

Авторы: немересі Сүлейменова Аяулы