Хабар телеарнасы

Қаражанов Құрбан

Қаражанов Құрбан

Менің атам Қаражанов Құрбан – Преснов ауданы, Айымжан ауылының тумасы. Соғыс алдында ол Алматыда оқып жүрген институтты 2-курста тастап, Оренбург ұшқыш училищесіне түседі. Ол кезде ұшқыш болу бар жастардың арманы еді. Оқуды тәмамдағанша соғыс басталды. Ұлы Отан соғысын Қиыр Шығыста ұшқыш-истребитель болып атқарды. Немістермен соғысуға жазған рапорттарын қабылдамай, оларды жапон границасында ұстады. Бірақ жапондар тыныштық берген жоқ. Қарудың қаһарымен ғана шекараны ұстапты. Жапондарды талқылап, соғыс біткесін 1946 жылы жүрек ауырғаннан комиссиядан өтпей, ауылға қайтады.

Зейнетке шыққанша тың игеріп, Қайранкөл элеваторында аға-мастер болып жұмыс атқарды. Көптеген медалі бар. Соғыс туралы көп айтпайтын.  Ауылдастары атамызды өте құрметтеді. Біз атамызды мақтанышпен еске аламыз.

Авторы: Каражанов Жамбыл