Хабар телеарнасы

Жумин Аққали (1924-1993 жж.)

Жумин Аққали (1924-1993 жж.)

Жумин Аққали1924 жылы Жаңақала ауданы, Теректі аудандық кеңесінде дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы ардагері. Өткен ғасырдың елуінші жылдары туған жерлері полигонға айналған кезде Жымпиты ауданының Ақырап ауылына көшіп келіп, сол жерде ұзақ жылдар еңбек етті.

1942 жылдары Қазақстанда жасақталған 101-атқыштар дивизиясының бригадасында болған. 1943 жылының ақпанындағы Ржевско-Вяжземская шабуылдау операциясына қатысып, Ржев, Сычевка, Белый, Гжатск, Вязьма қалаларын босатуға атсалысқан. Осы операцияға жұмылдырылған 1 000 000 адамның 600 мыңы ғана елге аман-есен оралған, солардың арасында менің атам да болған.

1943 жылдың жазында Сталинград түбіндегі шайқаста жарақат алып, госпитальде болып, 1944 жылы елге қайтарылып, 1993 жылы Жымпиты ауданының Ақырап ауылында өмірден өткен.

Авторы: немересі Жумина Назгүл Маратовна