Хабар телеарнасы

Шиналиев Отарбай (1924-2008 жж)

Шиналиев Отарбай (1924-2008 жж)

Шиналиев Отарбай 1924 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген.

1943 жылы әскер қатарына шақырылып, майданға аттанды.

Ұлы Отан соғысында Оңтүстік Батыс майданының 226-гвардиялықатқыштар полкінің  74гвардиялық атқыштар дивизиясының бөлімше командирі болған.

18.07.1943 жылы Харьков облысының Изюм қаласының түбінде жүргізілген Изюм-Барвенков шабуыл операциясында қатты жарақат алды. Изюм-Барвенков шабуыл операция – Ұлы Отан соғысындағы Қызыл әскерінің фашистерге қарсы операциясы. Ол 1943 жылдың 17-27 шілде күндері Оңтүстік Батыс майданының күштерімен жүргізілді.

1945 жылы Шиналиев Отарбай жарақаттан емделіп болғаннан кейін елге оралды.

РФ Қорғаныс Министрлігі мұрағатының ақпараты бойынша Шиналиев Отарбайдың келесі марапаттаулары бар:

  • Медаль «За отвагу» 08.06.1967
  • Орден Отечественной войны I степени 05.04.1985

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би аудыны, Геогриевка ауылында ұста болып еңбек еткен. 1970 жылдардан бастап мектепте еңбек пәнінен сабақ берген. Қазіргі уақытта Шиналиев Отарбайдың жұмыс істеген мектебінде атамыздың атына арнап кабинет ашылды.

Отар атамыз бен Сағындық апамыз жеті ұл-қыз, 41 немере тәрбиелеген. Бізге көрсеткен өнегесін, айтып кеткен ақыл сөздері мен батасын әрқашан жүрегімізде сақтаймыз.

Авторлары: балалары мен немерелері