Хабар телеарнасы

Хайдаршиков Усманшик (1922-1996 жж.)

Хайдаршиков Усманшик (1922-1996 жж.)

Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Хайдаршиков Усманшик 1922 жылы 13 қарашада Сайрам ауылында туған Каганович атындағы жеті жылдық мектепті бітіріп, сол жылы Сайрамдағы ауылшаруашылық училищесінің мал дәрігері мамандығы бойынша оқуға түседі.

Оқуды бітіріп, Ленин атындағы колхозға жұмысқа орналасады. 1942 жылы әскери қызметке шақырылады.

Чкалов облысындағы кіші әскери командирлік курсын бітіреді. Сол жылы Саратовқа, одан кейін Брянск қаласына жіберіледі. Одан кейін Ленинградқа взвод командирі болып тағайындалады. Гатчинск деген айылға дейін барып, Плюсса деген жерде шайқасқа қатысады. Соғыста 48 әскерінен жетеуі тірі қалады. Миномет оқтары Усманшик атаның кеудесі және желкесіне тиіп өтеді. Госпиталде ұзақ емделіп, соғысқа қайтадан оралады. Виберг қаласында соғыста тағы да жараланып, оқ басын сызып өтеді, ол жерден емделіп содан Польша, Чехословакия жерлерін азат етуге қатысып Берлинге дейін барады.

1945 жылы 9 мамырда Лаба өзенінің маңында болған уақытында Кеңес әскерлерін жеңіске жеткендігі туралы хабар келеді. 9 мамырдан кейін де айнала тынышталмайды Усманшик ата Эльба теміржол көпірін қорғайтын ротаны басқарады. Одан 900 атты әскерді Ресей жаққа алып өтеді. Олар 3 ай жол жүріп шекараға келіп, аттарды тапсырады.

1945-1946 дұшпандармен күресте болып, 1947 жылы Сайрамға қайтады. Соғыстан қайтып, Усманшик ата колхозда парторг, мал дәрігері болып жұмыс істейді.

Соғыста көрсеткен ерлігі үшін көптеген орден-медальдарымен марапатталады.

Авторы: немересіХайдаршиков Уктамшик Сабирович