Хабар телеарнасы

Ибраш Серғазыұлы (1924-1993 жж.)

Ибраш Серғазыұлы (1924-1993 жж.)

Менің арғы атам Серғазыұлы Ибраш – елімізге бейбіт өмір сыйлаған батыр.

Серғазыұлы Ибраш 1924 жылдың қазан айында «колхоз имени Сталина» деген жерде туған. Кейін Қаратөбек ауылы болған.

1931-1933 жылдары ашаршылық кезін көрген, ол туралы көп айтпайтын. Ұлы Отан соғысы басталғанда атам небәрі 17 жаста еді. Өз еркімен Қызыл Армия қатарына аттанған. Первый Украинский стрелковый полк катарында болған.1944 жылы қатты жарақат алып, еліне жаралы жауынгер болып оралды.

Көп орденмен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейн КСРО кезінде 1954-1965 жылдар аралығында Целйнаны көтеруге үлесін қосқан. Кейін әжеміз Төлеуқызы Ләтипаға үйленген. Он баласы болған. Қазіргі кезде артынан 20 немересі, 50-дей шөбересі бар. Атам 1993 жылы наурыз айында дүниеден өтті. Жыл сайын 9 мамыр күні біз үшін үлкен мереке. Атамның бейітіне барып, құран бағыштаймыз.

Авторы: Шөбересі Хайса Дина Мубаряковна