Хабар телеарнасы

Әлібаев Фатих Әлібайұлы (1914-1993 жж.)

Fatih Alibaiuly

«Соғыс жағдайында тәртіп қатаң. Біз тек азаттықты аңсап, сұрапыл соғыстың қиындығын жеңіп, Ленинградты алып, Берлинге дейін жаяу бізді алға Жеңіске деген үміт жетелеген болатын....», – дейтін атам Әлібаев Фатих Әлібайұлы.

Ол Алматы облысы, Панфилов ауданы, Басқұншы ауылында дүниеге келген.

Менің атам сұм соғысты миллиондаған ерлерге ажал құштырған, баланы әкесінен, ініні бауырдан, сүйеуі мен тіреуінен айырған сұрықсыз соғысты айтқысы келмейтін. «Соғысты сендерге көрсетпесін, жылатпасын», – дейтін.

Мінезі қатал, талғамы биік атам әрқашан жүрген жерінде тәртіпке баулыды. «Соғыстың басынан аяғына дейін ортасында жүрдік, мұндай ызғары қарып өтетін заман келмесін», – деп есіне алып қоятын.

Тыныштық таңын атырған жас ұрпаққа,
Ерлігің самғады бейбіт өмір аспанында.
Осындай тыныш заман сыйлап бізге,
Ардагерім, лайықсың сен сан мыңдаған алғысқа!
Әрбір сөзің жас ұрпаққа тағылым,
Бойыңнан табылады ақылың мен сабырың.
Ұрпағыңа үлгі болған ғұмырың,
Ұқсатар еммен сені жарқылдаған қылышқа!

Авторы: Лейла Алибаева