Хабар телеарнасы

Тәжібаев Смағұл

Smagul Tazhibayev

Әкем Смағұл Тәжібаев 1942 жылы маусым айында Кеңес әскері қатарына Талдыбұлақ ауылдық кеңесінен шақырылған. Алғашқы бір айында Эстонияның астанасы Таллин қаласында әскери жаттығудан өтіп, 24 қосалқы құрамдағы атқыштар полкінде атқыш, 1942-1943 жылдары №32 атқыштар полкінде атқыш болып қызмет атқарады.

Ұлы Отан соғысында жауға қарсы көрсеткен ерлігі үшін ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Германия маңындағы жеңісі үшін» медалімен марапатталды.

Авторы: ұлы Жайлыбай Смағұлұлы Тәжібаев