Хабар телеарнасы

Солтабаев Бегімхан Солтабайұлы (1910-1982 жж.)

Солтабаев Бегімхан Солтабайұлы (1910-1982 жж.)

Бабалар ерлігі ешқашан ескірмейді, ұмытылмайды. Өйткені ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қала береді. Мен бабам Солтабаев Бегімхан Солтабайұлы туралы айтпақпын. Солтабаев Бегімхан 1910 жылы 10 наурызда Зайсан ауданында дүниеге келген. Солтабаев Бегімхан 1940 жылы Үлкен Нарындағы Свинчаткада ашылған  трактористердің алты айлық курсын бітіріп, механизатор мамандығын алған. 1940 жылы тракторист-механизатор (танкист) резервінде жеке есепте болып, 1942 жылы Қызыл Армияға шақырылып, 525-атқыштар дивизиясы 1411 атқыштар полкінде соғысты.  Сталинград майданына қатысты, Курск доғасына барып, үлкен ұрыста сол қолынан 1942 жылдың 18 желтоқсанында жараланады. Далалық госпитальде ем алады. Бірақ жарақаты жазылмай, асқына берген соң еліне қайтару керек деген шешім қабылданады. Бұл 1943 жылдың 3 сәуір айы болатын.

Бабамыз 1943 жылдың жаз айында аман-есен елге оралады. 1943 жылдың 6 маусымында Зайсан Райвоенкоматтың шешімімен әскерден босатылады. Бірден колхоздың жұмысы тыл майданына кіріп кетеді. Ол кісінің ерлігі бағаланбаған шығар деп ойлаймын. Бірақ жеңістің 10, 15, 20, 25, 30, 35 жылдығына орай берілген бірнеше медалі бар. Қарт майдангер бабамыз 1982 жылы 8 мамырда Жеңіс тойын тойлап жатқанда дүниеден өтті. Мен бабам Солтабаев Бегімханды мақтан етемін.

Авторы: шөбересі Болат Айтолқын Болатқызы