Хабар телеарнасы

Жангиров Қуан

Жангиров Қуан

Жангиров Қуан 1939 жылғы фин соғысына солдат болып шақырылған. Ал 1941 жылы Ұлы Отан соғысына алынған. Сырт қараған адамға еш нәрседен қорықпас батыл, өте елгезек, бауырмал, қимылы шапшаң, ешқандай көлгірсуді білмейтін адам екендігі білінетін. Шынымен әкем батыл екендігімен қоса соғыста көп қиыншылықты көріп келгеннен де болар, сөзге сараң, бірақ мінезі жайлы, ешкімнің көңілін қалдырмайтын жан еді. Әкем соғыстан келгеннен кейін де орман шаруашылығында көп жылдар бойы еңбек етті. Соғыс даласындағы ерліктері туралы құрдастарының әңгімесінен көп естуші едік, сонымен қатар, 1944 жылы әкем 150-атқыштар дивизиясында аттылы барлаушы қызметін атқарғанын, майдандағы өмірінің бір бөлігімен кітаптан ғана таныстық. Украина жазушылар кеңесінің мүшесі, Идриц-Берлин атқыштар дивизиясының барлаушысы, қаруласы Наум Абрамович Славиннің 1973 жылы жарық көрген «Мы – разведчики», «Моложе нас не было», 1987 жылы «В разведке» деген атаумен қайта жаңартылған баспамен шығарылған кітаптарында өз қаруластарының ерлігі туралы жазған. Қаруластарының ішінде Қуан Жангировтың ерлігін, өз ісіне адалдығын, бауырмалдығын, патриоттығын барынша сиппаттаған. «... Не Жангиров здесь- просто Женька. Круглое лоснящееся лицо, тронутое оспой, украшала широчайшая улыбка, угольки глаз сверкали радостно.» Аттылы взводқа сұранып барғанын, ақылдылығы мен ептілігін сипаттай келе, өзінің 4 класстық білімі бола тұра, қасындағы 10 жылдықты бітірген қаруластарын білімді деп қатты силайтыны, Қуан әкеміздің өте қарапайымдылығын бағалаған. Сонымен қатар, қазақ жігітіне тән қасиет: өзінің (трофейный автомат) қаруы және өзі ғана мінетін «Өрлік» деген аты да болғанын жазған. «Ер қанаты – ат» дегендей, жалпы ол кісі атта жүретін, соғыстан кейінгі жылдары да орманшы болып жұмыс істеп жүргендеде өзінің аты болғаны есімізде.

Ол кісінің әншілігін де керемет етіп сипаттаған: «...Какой голос у Куана! Тонкий, чуть сиплый, зато высоты берет беспредельной. Бывало, в палате заведет вполсилы «Махорочку-махорку». Ребята подтянут, а Жангиров забирает круче, и один за другим отстают певцы – не хватает им духу. Голос Жангирова легко витает в вышине..».

Флатов орманында полктар арасында байланыс үзіліп, осы жағдайды бағдарлауға Жангировты және екі солдатты түн қараңғысында жіберген екен, көп ұзамай Өрлік атты аты жайдақ шауып келеді, ешкімге ұстатпай, көзі шарасынан шығып кетердей, үсті басы қан іздері мен уақ таспен тескілеп тастағандай. Полк басшысы Аверьянов дереу бір топ адамды атқа қонып жағдайды бағдарлауға шығарады, орман ішінен жаяу адам жүгіріп келе жатқанын байқаған байланысшы Чириков Қуанды танып, атына мінгестіріп алып келеді. «...- Нарвались наши. Жаркова и Дементьева одним снарядом убило, ни за что пропали ребята. И мы всем взводом тоже могли загреметь.

-Чего у него автомат немецкий, и из лесу бежал? – спросил Акулов. Чириков знал немного.

-С ним сейчас попробуй сговорись. Видать, здорово тряхнуло, отшибло шурупы. У немцев в руках побывал.Контуженный, что с него взять,,, А он убежал и конвоира вроде пристукнул».

Бұл жағдайдан кейін ол бір тәулік ұйықтап алып, өзінің пысық қалпына келе бастаған. Өзінің көз алдында екі бірдей қаруласы снаряд астында қалып, жан тапсыруы, астындағы жалғыз атынан айрылғаны жанына қатты батты. «- Они спрашивают, а я мелю разную чушь по-казахски, вроде не понял. Тогда обер-лейтенант говорит: «монгол, монгол». Повели в лес двое, один старый, с карабином, закурить давал. У другого автомат этот. А я точно знаю: я же сильный, буду живой. Вижу далеко лежит камень-голыш. Загадал: сейчас поверну, и они повернут, дойду до камня. Првильно! Согнулся, руки до земли свесил... Холодный, мокрый камень, в руке тяжело....».

Осылай немістердің өздеріне шабуыл жасап, қаруларын алып кеткенін баяндаған. Айта кету де керек, осы Рейхстагқа ту тіккендер 150 атқыштар дивизиясының солдаттары екені белгілі, сол жерде болғанын өзі де айтқаны есімізде.

Бұл кітаптың бір данасы өзімде ғана болғасын, немерелері атасының батыр бейнесін ұмытпасын деп әлсін-әлсін оқып, әкеміздің қасында жүргендей әсер аламыз.. Барлаушы деген кім? Барлаушы міндеті өте ауқымды, жаудың орналасуы туралы ақпарат жинау, қару-жарақпен қамтылуы, сандық құрамы, қарсыластың ниетін болжау. Ал барлаушылардан алынған деректер қолбасшылар жағдайды бағалау, шешім қабылдау және жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу үшін пайдаланылады.

Міне, осы қасиеттердің барлығы біздің әкеміздің бойында болған. Неміс-фашистік басқыншыларға қарсы ұрыста ерлік көрсетіп, 1944 ж 3 шілдеде «Ерлігі үшін» медалімен, 26 шілдесінде үкіметтің «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған, 6 тамызында үкіметтің «Отан соғысы» ІІ мәрте орденімен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.

Бұл соғысқа Жәңгір атамыздың 5 ұлы аттанған: Жәңгіров Досан, Қали, Есенғали, Қуан, Рақым. Досаннан 4 бала қалды. Осылардың ішінен елге оралғаны Қуан әкеміз. Келгеннен кейінде соғыстан кейінгі елдің тұрмысын көтеруде өз үлесін қосты, орман шаруашылығында, шаруашылық кооперативінде көп еңбек етті. Жанұялы болып, анамыз Мәрішпен 7 ұл-қыз тәрбиеледі. Әке қанымен тараған еңбекқорлық, намысшылдық, еліне деген, өз ісіне деген адалдық қасиеттерін ұрпағы ту етіп ұстап келеді. Әр қайсысы өз саласында еңбек етсе, ұлы Кенжетай Ауған соғысы ардагері. Ауылдастары әкеміздің ерлігіне тағзым етіп, жылма жыл Жеңіс күні мерекесінде еске алып, ауылда Қуан Жангиров атындағы көше де бар.

Бұл мақаланы жазуға түрткі болған интернеттегі «Память народа», «Подвиг народа» сайттарында Жангиров Куан (Кувай, Куван деп жазылған) ерліктері мен марапаттары архивте сақталған екен. Әкем туралы ешбір естелік қалдырмаған жөн болмас деп, Жеңістің 75 жылдығына қосқан үлесім болсын дедім

Авторы: ұлы Аманқос Жангиров