Хабар телеарнасы

Нұртаза Садыханұлы (1914-1944 жж.)

Нұртаза Садыханұлы (1914-1944 жж.)

Садыханұлы Нұртаза, қатардағы жауынгер Семей облысы Ерназар ауылында 1914 жылы туған. №48314 дивизия полкінің құрамында соғысқа қатысып, 1944 жылы қаңтардың 31 жұлдызында қаза тапты.

Садыханұлы Нұртаза атамыз соғыс жылдарында хабарсыз кеткендіктен деректер аз, жоқтың қасы десек те болады. Сол себепті Нұртаза атамыздың ағасы Бейсенбек Садыханұлы ағасына деген сағынышын өлең жолдарымен білдірген:

Нұртазаға арнаймын

Алмадым ешбір хат,

Көңілім болды жат.

Хабарсыз болған соң,

Естілді жаманат.

Артыңнан ізеуші-ем,

Бір табақ қағазбен.

Хат жазған Бекбатыр,

Хатында айтылмас сыз жатыр.

Егерде болса рас,

Қор болды –ау шіркін жас.

Көмусіз далада,

Қалдыма қу бір бас.

Қабағым ашылмас.

Фашистпен соғыста,

Өлді ме шіркін жас.

Мен қойсам қолымнан,

Шариғат жолымен.

Болар еді несі арман,

Алланың өлімінен.

Қолымнан дәм татсаң,

Бір ауыз сөз қатсаң.

Арманым болмас еді,

Қоштасып тіл қатсаң.

Қылмасам мен арман,

Опасыз бұл жалған.

Қоя алмай қолымнан,

Болды ғой сол арман.

Артыңда қалмады-ау

Белгісіз қарайған.

Авторы: Талғат Бейсенбеков