Хабар телеарнасы

Улжаев Нарембай (1917-1943 жж.)

Улжаев Нарембай (1917-1943 жж.)

Менің атамның інісі Улжаев Нарембай 1917 жылы Гурьев облысы, Маңғыстау ауданында туған. 1933 жылы Уральский институтын бітіріп, Түркменстан ССР Красноводск қаласына келіп орналасып, №3 орта қазақ мектебінің бірінші директоры болған.

Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1941 жылы Красноводск ауданында Бекдаш орталығында военком болған. Жоғары білімі болғандықтан, лейтенант әскери шенінде болған. 1942 жылдың аяғында сұраныс беріп, өзіне берген броньды алдырып, майданға аттанып кеткен. Автоматчиктер ротасының командирі болған. Атамыздан жалғыз ғана хат келген «Бір соғысқа қатысып, аралықтағы тыныштықты қолданып, хат жазып отырмын, дін аманмын»деген. Содан кейін 1943 жылдың қаңтар айындағы Сталинград түбіндегі шайқаста, Карповка селосы жанында қаза тапқандығы жөнінде қара хат келді. Волгоградтан 45 км қашықтықтағы Карповка селосындағы мемориалда «братская могилада» жерленген. Өкінішке қарай Улжаев Нарембай атамыздан ұрпақ қалмаған.

Осылай менің атам да, оның інісі Нарембай атам да осы Жеңіске жеткізетін жолға өз өмірін қиып, балаларының, біздің болашағымыз үшін үлесін қосқан.

Бейбіт аспан сыйлаған аталарыма мың алғыс!

Авторы: Улжаева Гульбаршин Атабаевна