Хабар телеарнасы

Лесбай Қазанбайұлы (1898-1978 жж.)

Лесбай Қазанбайұлы (1898-1978 жж.)

Менің атам Қазанбайұлы Лесбай 1898 жылы қазіргі Түркістан облысы, Ленгір ауданы, Ақтас ауылында дүниеге келген. 1939 жылы қазіргі Түркістан облысы, Мақтарал ауданына тың игеруге және канал қазуға көшіп барған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына сол ауданнан аттанады. Кеңес Одағының маршалы Георгий Жуковтың әскерінде болған. Беларусь, Польша, Венгрия майдандарында жаумен шайқасты. 1943 жылы сол қолынан айырылып, елге оралды. Соғыстан кейінгі жылдары ауыл және мал шаруашылығымен айналысқан. Жұбайы Написа әжеммен төрт ұл, алты қыз тәрбиелеп өсірген. 1978 жылы 2 шілде күні қайтыс болды.

Авторы: Оралтай Абдухаким Талгатулы