Хабар телеарнасы

Смагулов Жанбазар

 Smagulov Zhanbazar

«Әркімнің өз әкесі бір әулие» демекші, ата-ананы сыйлап өскен тәрбиелі ұл-қыздардың қай-қайсысы болсын әкесін үлгі тұтады.

Мен де өз әкемді ардақтап, мәңгі есімде ұстаймын. Әкемнің жақсы қасиеті, ешкімді ренжітпейтін ақкөңілділігі соншалық, тіпті көрші балалардың алдында болсын, сыныптас жолдастарымның алдында болсын, үнемі бет-әлпетінен жылы шырай көрініп тұратын.

Ефрейтор Смагулов Жанбазар 1916-1975 жылдары атқыш болды.

Әкем ШҚО, Самар ауданында көпбалалы жанұяда өскен. Есімде қалғаны: ағасы Смагулов Байбазар соғыс басталмай майданға шақырылып, кейін жоғалып кеткені туралы хабар келген.

Әкем 1938 жылы майданға шақырылып, 1947 жылы келді. Майданда неміс басқыншыларымен талай рет соғысып, жапондықтарды еліне дейін қуды.

Соғыстан кейін Еспе ауылында парткомда жұмыс атқарып, алтынды өңдейтін шахтада жұмыс істеді. Әкем – Самар ауданының құрметті тумасы.

9 мамыр кейінгі ұрпақ үшін әрдайым ерлік пен елдіктің мерекесі болып қала берсін! Әкем мәңгі есімде!

Авторы: қызы Смагулова К. Ж.