Хабар телеарнасы

Анжиков Белгібай (1922-2004 жж.)

Анжиков Белгібай (1922-2004 жж.)

Анжиков Белгібай 1922 жылы ШҚО Зайсан ауданы, Қаратал ауылында туған. 1941 жылы әскерге шақыртылып, 1942 жылы майданға жіберіліп, 1945 жылға дейін бірінші Белоруссия майданына қарасты 62-ші армияның 4-корпусы, 12-дивизиясы 872-гаубицалық артиллериялық полкінің 32-гаубицалық артиллериялық бригада құрамында соғысқа қатысқан. Әскери атағы – ефрейтор.

Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», «ІІ дәрежелі Отан» ордені, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Ардагер 82 жасында 21 наурыз 2004 жылы дүниеден өтті.

Авторы: Анжиков Арыстанбек