Хабар телеарнасы

Мәліков Адамбай Мәлікұлы (1925-1986 жж.)

Мәліков Адамбай Мәлікұлы (1925-1986 жж.)

Мәліков Адамбай Мәлікұлы 1943 жылы 18 жасында соғысқа шақыртылады, ол кезде Семейдегі генерал Шапочкин атындағы училищеде оқып жүрген еді. Оқуының аяқталуына 2 ай қалғанда Мәскеуге аттанады. Одан кейін балғын жас жауынгер Мәліков Адамбай Венгрияның батысында орналасқан оттай қызып тұрған Балатон көлі шайқасына кавалеристер полкіне бөлініп, жаумен айқасқа түсті.

Ел басына ауыр күн туып, ат ауыздығымен су ішіп, толарсақтан қан кешкен сонау қанды соғыс жас жігітті шымырдай шыңдай түсті. Ол оның туған жеріне, еліне деген ыстық ықыласынан туған қайсарлық еді.. Осындай бір жаудың бетін тойтару барысында Адамбай Мәліков 1944 жылы қолынан қатты жараланып, Будапешт госпиталіне түседі.

Жалынды жас жауынгер госпитальдан емделіп шығып, қайтадан майдан алаңына  оралады. Осы қайсар мінезімен талай жаудың бетін қайтарады Осындай ерліктері үшін бірталай медальдер және ордендермен марапатталды.

Соның ішінде ерекше бір көзіне жас алып, айтып отыратын марапаттары «Георгий Жуков», «За храбрость» медальдері еді.

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Жеңіс туын желбіретіп, аман-есен елге оралып, от-басын құрды. Соғыстан кейін қираған ауыл шарауашылығын көтеріп, Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы елді мекенінде өмірінің соңына дейін аянбай еңбек етті. Көптеген ағайын-туыс, елдегі жағдайы жоқ отбастарын қолынан келгенін аямай ел алғысына бөленді.

Сүйікті жұбайы Күлтай екеуі 6 бала тәрбиелеп өсірді. Күлтай анамызда елге еңбегі сіңген ардақты ана. Замануи тілмен айтқанда, үлкен бір бизнестің төрайымы. Қазір 86 жасқа қарап, балалары мен немерелері, шөберелерінің ортасында бақытты әже болып отыр. Бәйтеректей жайқалған әулетте он бес немере, он тоғыз шөбере бар.

Әкеміз 1986 жылы 61 жасында дүниеден озды. Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында әкемізді сағынып6 еске аламыз, осындай бақытты өмір сыйлағаны үшін басымызды иіп, рухына құран бағыштаймыз.

Авторы: ұлы Рахат Адамбайұлы, өз анасы Күлтайдың апа-аға-інілері: Ермек, Газиз, Аманкелді, әулеттің немелері мен шөберелері