Хабар телеарнасы

Сламқұлов Әбдіғапбар (1920-1943 жж.)

Сламқұлов Әбдіғапбар (1920-1943 жж.)

Құрметті асыл әкешім, анам, бауырларым қалдарыңыз қалай? Мен аман-есенмін. Соғыс алаңындамыз, жау оғы қарша борауда. Бар күш-жігерімізді жинап, Отан алдындағы борышымызды өтеудеміз. Туған-туыс, ағайындарға сәлем айтыңыздар. Аман болсам, өздеріңізбен қауышамын.

Сламқұлов Әбдіғапбар Сламқұлұлы 1920 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға түскен.

1941 жылы студент болып жүріп, институт қабырғасынан соғыс қатарына алынған. Жастайынан өте зерек, сауатты болған екен. Өзінің өжеттігінің арқасында институтқа емтихан тапсырып, студент атанған. Үйдің үлкен баласы, әкесінің үкілеген үміті еді. Амал жоқ, соғыс жалмаған боздақтардың қатарында біздің атамыз да болды. Отбасын құрмаған жас жігіт еді, талай арман-тілектері қыршын кетті.

1943 жылдан Әбдіғапбар ағамыздан майданнан келіп тұратын хаттар кілт тоқтаған, артынан қара қағаз келген. Қайғылы хабарды естіп, анасы Қуаныш апа қайғыдан көз жұмған. Ешкімде ұмытылмақ емес, мәңгілік ерліктері есімізде, мың тағзым!

Авторы: бауыры Шойбек Сламқұлов