Хабар телеарнасы

Шекеров Каранар (1913-1984 жж.)

Шекеров Каранар (1913-1984 жж.)

Атамыз Шекеров Каранар 1913 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Арыс ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Қазақ ССР, Оңтүстік Қазақстан обл., Арыс военкоматында әскерге шақырылды. Әскерлік шені – сержант. Әуе қорғанысының 931 сп, 1555 әуе полкында майданда шайқасқан.  «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған.  Жүріп өткен жолдары 931 сп құрамында Тверь түбегінен бастау алып, Тула, Воронеж, Киевті бойлай отырып, Румыния, Венгриядан асып өтіп, Чехиядан бір-ақ шыққан.   Атамыз соғыс жылдарынан соң да ұзақ өмір сүріп, 1984 жылы қайтыс болған.

Соғыс жылдарындағы қызықты оқиғасы

Атамыздың айтуынша, окопта жау таяп қалғанда, атамыздың қаруы сіресіп, атпай қалған екен. Командирі келіп неге атпағанын сұрайды. Сонда себебін айтқан атамызға командирі сеніңкіремей қаруын көзінше тексеруін талап етеді. Егер қаруы дұрыс болған жағдайда мылтықты тақап өміріңмен қоштас дейді. Сол кезде қару шынымен де сірескенін көріп, командир көз жеткізеді. Сонда атамыз сол кезде бір ажалдан аман қалған едім деп отыратын.

Авторы: Айгерім