Хабар телеарнасы

Итжанов Серғали және Итжанов Уәли

Sergali zhane Uali Itzhanovtar

Итжанов Серғали Итжанұлы 1913 жылы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ортағаш ауылында дүниеге келген. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері. 1957 жылы мамыр айында қайтыс болды.

Итжанов Уәли Итжанұлы (құжаттарда Валей деп жазылған) 1926 жылы 8 мамырда Зеренді ауданы, Ортағаш ауылында дүниеге келген. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері. Әскер қатарына 1944 жылдың қарашасында алынып, елге 1946 жылдың қарашасында оралды.

1945 жылдың 25 сәуірінен 9 мамырына дейін Ұлы Отан соғысына 438-атқыштар полкы құрамында қатысты.

Марапаттары;

  • Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені (1985 жыл);
  • «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің қырық жылдығы» мерекелік медалі (1985 жыл);
  • «Еңбек ардагері» медалі;
  • «КСРО әскери күштеріне 70 жыл» (1988 жыл);
  • «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жылдығы» мерекелік медалі (1995 жыл, 7 мамыр);
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Басшылары кеңесінің 1995 жылғы 26 мамырдағы шешіміне сәйкес Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі;
  • ТМД үкіметтері басшыларының 1999 жылғы 8 қазандағы Кеңесінің шешіміне сәйкес 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне «1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері» белгісімен наградталған.

Аталарымыз әрдайым есімізде! Ерліктеріңізге тағзым етеміз!

Авторы: Әубәкірова Жадыра Мыңжасарқызы