Хабар телеарнасы

Серғазиев Сейтім

Серғазиев Сейтім

Кенеттен басталған неміс фашистерінің қарғыс атқан жойқын соғысы адамдардың қызмет атқарып, өмір сүру жолын өзгергіп жіберді. Көптің бірі болып Сейтім ата да 1942 жылы наурыз айында Чапаев аудандық әскери комиссариат арқылы шақыртылып, Отан қорғаушылар қатарына жөнелтілді. Сауаты төмендеу, орыс тіліне де шорқақтау, сонда да өзінің ынтасы мен ыждағаттығы арқасында өзі қатарлас жауынгерлердің алды болды.  Оңтүстік Орал әскери округінің Орынбор жеріндегі лагерьлерде өткен үйрену-жаттығуы кезінде қатардағы солдат үшін қажетті нәрсенің бәрін меңгерді. Винтовка, граната, противогаз, басқа да құралдарды пайдалануды жақсы түсінді. Окоп қазып, бой тасалаудан атыс нүктелерін жасақтаудан тайсақтаған жоқ.

Қысқа мерзімде осындай соғыс тәсілін меңгерген солдаттар эшелонға тиеліп, майдан шебіне жол тартты. Воронеж төңірегіндегі айдындарга жеткізіліп, алдыңғы шептегі әскерлерге қосылып, ұрыс даласына еніп кетті.

1943 жылы Воронеж маңындағы соғыстағы еңбектері үшін «За боевые заслуги» медальмен марапатталды. 1944 жылғы соғыстағы жауынгерлік міндеттерді орындағаны үшін «За отвагу» медаліне иеленді.

Орлов облысы Семеновская ауылындағы қайнап жатқан шайқаста жолдасымен бірге 41 жаралы сарбаз бен командирін қару – жарақтарымен бірге аман алып шықты. 1943 жылдың 3 қыркүйегінде Орлов облысының  Семеновская ауылынан ұрыс кезінде 18 жаралы солдатты алып шықты.

1943 жылдың 11, 12 және 13 қыркүйегінде Черниговский облысының Лесконочи ауылында өткен ұрыстан   15 жаралы сарбазды құтқарды. 1943 жылдың 24 қыркүйегінде Орлов облысының Зыянка қаласындағы ұрыста 8 жаралы жауынгерді алып шыққан.

Соғыстағы жауынгерлік міндеттерді орындағаны үшін «Красная Звезда»мемлекеттік орденімен марапатталды. Отан үшін неміс фашисттерімен болған соғыста қайнап жатқан ұрыстан 85 жаралы жауынгерлерді қару-жарақтарымен бірге аман алып шыққан.

1945 жылы кеңес армиясының ауқымды тарихи жорықтарының қорытындысы екені белгілі. Маршал К.К.Рокоссовский басқарған 2-ші Беларусь майданы шығыс Пруссияны Германиядан бөліп тастап, Балтық теңізі жағасындағы портты қалалар мен Польша жерін жаудан тазартумен айналысып, Берлин бағытына, Одер өзеніне тек 20 сәуірде ғана шықты. Сейтім құрамында болған генерал Батовтың 65-армиясы майдандағы бес армияның алғашқысы болып, Одер өзеніне ілікті. Одерден өтіп, бекіністі алып, оны қорғағаны үшін Серғазиев Сейтім мемлекеттің ең жоғарғы «Ленин»орденімен марапатталды. Осы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Маршал К.К.Рокоссовский Серғазиев С. кеудесіне өз қолымен «Ленин» орденін таққан.

Соғысты Берлинде аяқтап, 1945 жылы тамыз айында елге оралған еді, өз жеріне келіп, ауыл шаруашылығын көтеруде ерен еңбегімен көзге түсті, ұзақ уақыт шопан болып, колхоз байлығын, мыңдаған қошақанмен, жүздеген центнер жүнмен, семіз қой етімен толықтырды. «Знак почета» орденімен марапатталып, «Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері», «Заслуженный колхозник» атанды. Зейнеткерлікке шыққан соң да әртүрлі жұмыс атқарды.

Зайыбы Мазкура екеуі екі ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірді. 1984 жылы маусым айының 13-де дүниеден озды.

Внезапная и разрушительная война, которую вели немецкие нацисты, изменила образ жизни и работы людей. Мой дедушка, Сергазиев Сейтим, был одним из многих, кто был призван  на фронт в марте 1942 года Чапаевским районным военным комиссариатом. Несмотря на низкую грамотность, плохое владение русским языком, но все же благодаря своему энтузиазму и трудолюбию, он опередил своих собратьев по армии, во время обучения в лагерях Южно-Уральского военного округа в Оренбурге. Он выучил все необходимое для солдата. За короткий промежуток времени, солдаты, освоив способы ведения войны, погрузились в эшелон, и вышли на линию фронта. Он был доставлен на поля боя под Воронежем.

В 1943 году Сергазиев Сейтим был награжден медалью «За боевые заслуги» за заслуги в бою под Воронежем.

В 1944 году он был награжден медалью «За отвагу». В ожесточенном бою в станице Семеновской Орловской области он и его товарищ спасли 41 раненого и их командира, вывозя с поля боя их с личным оружием.

3 сентября 1943 года во время боя на территории станицы Семеновской Орловской области были вывезены из поля боя 18 солдат.

11, 12 и 13 сентября 1943 года в селе Лесконочи Черниговской области мой дед, спас жизнь 15 раненым солдатам.

24 сентября 1943 года во время боя в Зиянке Орловской области было вывезено 8 раненых бойцов во время боя. За выполнение боевых задач на войне, награжден государственным орденом «Красная Звезда».

Сергазиев Сейтим из ожесточенной битвы за родину с немецкими нацистами спас жизнь 85 раненым солдатам.

Известно, что 1945 год стал результатом масштабных исторических походов Советской армии. 2-й Белорусский фронт, под командованием маршала К.К. Рокоссовского, отделил Восточную Пруссию от Германии, очистил портовые города Балтики и польскую территорию от врага. 20 апреля отправился в Берлин, через реку Одер. 65-я армия генерала Батова, которая была частью армии, была первой из пяти армий на фронте, которая вошла в реку Одер.

За участие в переходе через реку Одер, захват и оборону крепости К.К. Рокоссовский лично наградил Сергазиева Сейтима высшим государственным орденом Ленина.

Закончив войну в Берлине, в звании ефрейтора дед вернулся домой в августе 1945 года.

Вернувшись на родину, он усердно работал над улучшением сельского хозяйства. Вместе со своей супругой они воспитали двух сыновей и четырех дочерей.

За большой вклад в развитие сельского хозяйства ему присвоены звания «Заслуженный работник сельского хозяйства Казахстана», «Заслуженный колхозник» и был награжден орденом «Знак почета». Даже после выхода на пенсию он продолжал работать в родном колхозе.

Умер дед 13 июня 1984 года.

Автор: Сергазиева Жанна Канатовна, внучка ветерана