Хабар телеарнасы

Әлімбаев Мырзалы

Менің атам Әлімбаев Мырзалы 1922 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Сол ауылда мектепте мұғалім болып жүрген жерінен 1941 жылы майданға аттанды.

Шығыс Белоруссия майданында екі рет жараланып, Могилев облысында 1943 жылы бауырлыстар зиратында жерленген.

Соғыс барысында полк командирінен ата-анасына ерлік үшін мақтау Алғыс хаты келген. 1921 жылы туған атамның ағасы Солтанов Тұрдаш Сталинград шайқасында қайтыс болған.

Атамнан келген хат:

Ата, апа, жеңге, қарындасым Мәрия, Амангелді, қалдарыңыз қалай? Ағайын, туыс, ауыл аман-есен бе? Менде бәрі жақсы, майдандағы Тұрдаш ағамнан хабар алып тұрсыздар ма? Мен Шығыс Белоруссия майданында барлаушылар отрядына түстім. Бірнеше рет барлауға барып, бірнеше тапсырманы орындадық. Осы жолы жеңіл жараланып госпитальда жатырмын. Бұйырса, жақын арада госпитальдан шығып өзіміздің полкке қайта барамын. Жеңіске тезірек жетіп, амандықпен көрісейік!

Балаларыңыз Мырзалы 22 қыркүйек, 1941 жыл.

Біз аталарымызды мақтан тұтамыз! Ел үшін, жер үшін, біздің жарқын болашағымыз үшін жап-жас өмірін қиған аталарымызды әрқашан есімізге аламыз.

Авторы: немересі Солтанова Айнаш