Хабар телеарнасы

Салиқов Қабыкен Салықұлы (1916-1983 жж.)

Салиқов Қабыкен Салықұлы (1916-1983 жж.)

Менің атам Саликов Қабыкен Салықұлы 1916 Бөке поселкісінде өмірге келген. 23 жасынан, 1939 жылдан Қызыл армия қатарында болған. Содан 1941 жылы  Ұлы Отан соғысына аттанған. Совет солдаты ретінде өз отанын фашистерден қорғаған. Атам тұтқынға түскенде концлагерьдегі сұмдықтың шетін көріпті: тау-тау адам шаштары, тау-тау адам тістері мен аяқ киімдер. Соғыс жайлы көп айтуды ұнатпайтын болған екен. 1945 жылы соғыс біткен соң, пленге түскені үшін атамды Сталин бұйрығы бойынша 25 жылға соттайды. Тек 1955 жылы ақталып, өзінің Бөке поселкісіне оралып, шаңырақ көтеріп, еңбек еткен.

23 жасынан армияға кетіп 39 жасында үйіне оралады. 16 жыл бойы анасы Шәрипа баласынан үмітін үзбей күткен. 1983 жылы атам өмірден озды. Өкінішке қарай мен атамды көрмесем де, мақтан етемін. Атамның 10 баласынан 17 немере, 23 шөбересі бар. Атамызға және соғыс ардагерлеріне мың алғыс айтамыз!

Авторы: шөбересі Оралхан Амира Жарқынқызы