Хабар телеарнасы

Сембайұлы Кесікбай, Жәдікбайұлы Оразбай

UOS ardagerleri

Сембайұлы Кесікбай 1899 жылы Таскескен ауылында дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа аттанып, Украинаны азат етуге қатысқан. 1945 жылы жараланып, 1946 жылы аман-есен елге оралды. «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 25 жыл», «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 40 жыл» медальдерімен марапатталған. 1992 жылы қаңтар айында 93 жасында қайтыс болды.
Жәдікбайұлы Оразбай 1915 жылы Аягөз қаласында туған. 1942 жылы Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан. 1946 жылы аман-есен елге оралды. Зайыбы Бекмұратқызы Аманғайшамен жеті бала тәрбиелеп өсірген. 1948 жылдан 1972 жылға дейін Аягөз локомотив пайдалану депосында паровоз жүргізушісі болып еңбек етті. Кейін дәнекерлеуші болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты.
1986 жылдың қазан айында өмірден өтті.

Авторы: Құдайбергенова Райгүл (Желдібайұлы Құдайбергеннің шөбересі)