Хабар телеарнасы

Алтаев Камел

Алтаев Камел

Камел Алтаев – Ақмола облысы, Біржансал ауданындағы Сәуле ауылының тумасы, Бәйгөбек қажының немересі, Әлтай қажының баласы. Кәмел оқыған, көзі ашық адам болған. Соғысқа дейін Мамай колхозында басқарма болып еңбек еткен. Кәмел мен атақты «Жас қазақ» әнінің авторы Рамазан Елебаевтың қарындасы Шәмшиядан Абай, Амантай, Мәрәш деген балалар туған.

Кәмел Алтаев ел азаматтарымен бірге майданға аттанып, Ұлы Отан соғысында 248-атқыштар дивизиясының 905-танк полкінде командир (лейтенант) және саяси жетекші болған. Майданда өкпесіне оқ тиіп, госпитальде жатып, жараның орны жазылғанша елге жіберіпті. Мамайға келсе, басқа адам басшы болып жүр екен, қиын-қыстау кезде жай жатпай,   Баймырза ауылын басқаруға барыпты. Сол жердің жағдайын түзеймін деп, қиын жағдайға тап болып, 1944 жылы кісі қолынан қаза тауыпты.

Авторы: Алтаевтар әулеті