Хабар телеарнасы

Сембинов Әлмұқан

Sembinov Almukhan

Сембинов Әлмұқан – Беларусь майданында 362-ші атқыштар дивизиясының барлаушылар взводын басқарған ер жігіт.

Гитлершілер дивизиясы штабының офицерлерін қолға түсіруде тамаша ерлік үлгісін көрсеткен. Ол «Даңқ» ордендерінің толық кавалері, яғни «Кеңес Одағының батыры» атағына ие болған жан. Кеңес Үкіметі тұсында жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Ол Целиноград қалалық партия комитетінің бірінші хатшылығына да тағайындалды. Нұр-Сұлтан қаласының бір көшесіне Әлмұқан Сембиновтың аты берілген.

Авторы: Жанат Түгелбаев