Хабар телеарнасы

Торпаков Тойбек (1920-2003 жж.)

Торпаков Тойбек (1920-2003 жж.)

Торпаков Тойбек Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақшиауылында туған.

Торпаков Тойбек 1920 жылы 1 мамыр айында Сарытауғым деген жерде дүниеге келген. 1940 жылы Алматы қаласындағы Комбуз оқу орнын аяқтап, Жарсу совхозының жылқы фермасын басқарған. 1941 жылы соғысқа аттанғанға дейін сол фермада қызмет атқарған.

1941 жылы Алматы қаласында құралған армия қатарына алынып соғысқа аттанып кеткен. 1943 жылы Беларусь майданында  жауға шабуылға шығып тоқтамай алға жүре берген. 1943 жылы қазан айында тағыда бір шабуыл үстінде қатты аяғынан оқ тиіп жараланды, жанындағы мерт болған майдангер досын сүйреп өз полкына оралған. Жарақатының ауыр болғандығы сонша 1944 жылдың ақпан айына дейін Горький деген жерде госпитальда жатып емделген.

Содан тағыда соғысқа аттанған, бірақ жолда аяғы ісіп кеткендігіне байланысты комиссия соғысқа жарамсыз деп  Горький қаласында жұмысқа қалдырылды.

1944 жылдан 1947 жыл аралығында тылда әртүрлі жұмыстар атқарған. 1947 жылы 30 наурызында демалыс алып Қазақстанға оралған.

Атамыз Торпаков Тойбек өзінің ерен ерлігі үшін, еңбек ерлігі үшін түрлі медальдармен марапатталған.

Авторы: Торпаков Данияр