Хабар телеарнасы

Орманов Аубай Орманұлы (1904-1957 жж.)

Ormanov Aubay

Орманов Аубай Орманұлы 1904 жылы Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Өндіріс ауылында туған.

1942 жылғы шілде айында соғысқа əскери комиссариаттың шақыруымен соғысқа аттанды. 1945 жылы туған жеріне оралды. Əскери атағы – қатардағы жауынгер.

«Подвиг народа» сайтында: «120-сыншы Қызыл тулы гвардиялық атқыштар дивизиясының 336-шы гвардиялық атқыштар полкі бойынша 20/Н бұйрығына сәйкес КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан ІІ атқыштар батальонының атқышы, гвардиялық қатардағы жауынгер Орманов Аубай шабуылдық ұрыста автоматпен 12 фашистік солдатты жойып, қол пулеметті істен шығарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған» деп көрсетілген.

Соғыстан ауыр жарақатпен оралғанына қарамастан, елге келісімен колхоз жұмысына бірден араласып кетті. Алайда соғыста алған жарақаты асқынып, 1957 жылы қайтыс болды.

Отбасында жұбайы Орманова Асия (1907-1997) екеуі 5 ұл, 1 қыз көрді. Қазір Аубайдан тараған ұрпақтары: 2 баласы, 16 немересі, 42 шөбересі, 13 шөпшегі, 23 келіні, 11 күйеу баласы Астрахан ауданында, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тұрады.

Авторы: баласы Орман Жаңбырбай