Хабар телеарнасы

Жарылғасов Ғалым (1924-1983 жж.)

Жарылғасов Ғалым (1924-1983 жж.)

Менің әкем Жарылғасов Ғалым 1924 жылы дүниеге келген (қазіргі Атырау облысы, Жалғансай елді мекені). 1942 жылы Орал облысы, Чапаев аудандық военкоматынан әскерге алынып, Орал қаласындағы әскери курста (соғыс уақытында Ленинградтан эвакуацияланған әскери училище) оқығаннан кейін сержант әскери шенімен (бөлімше командирі) 18 жасында соғысқа кірген, екі рет жараланған. Прибалтика, Сталинград Украина майдандарында, Курск доғасындағы сұрапыл шайқастарға қатысып, Латвияның Елгава қаласы үшін ұрыста жараланып госпитальде жатқанда соғыс біткен екен. Жеңіспен оралып, қазіргі Ақжайық ауданы, Лбішін ауылы, Тналиев елді мекенінде 1983 қайтыс болғанға дейін бухгалтер болып жемісті еңбек етті, ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеміз 58 жасында өмірден озды. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын.

Авторы: ұлы Жарылғасов Болат