Хабар телеарнасы

Тасыров Жарас (1921-1984 жж.)

Тасыров Жарас (1921-1984 жж.)

Тасыров Жарас 1921 жылы 5 желтоқсан күні Маңғыстау облысы (бұрынғы Гурьев облысы), Маңғыстау ауданы, Ақжигіт ауылы, Өтегенұлы Тасыр молда кісі жаңұясында дүниеге келді. 1941 жылы Ашхабад педагогикалық училищесін бітірген соң, Ашхабад қаласының №24 орта мектепте енбек жолын бастап, әрі қарай өзге де аудандық және ауылдық мектептерінде бастауыш сыныптардың физика және математика пәндерінің мұғалімі болып жасады.

18.10.1942 жылы Ашхабад аудандық әскері комитетімен Совет Армиясы қатарына шақырылып, 20.10.1942 жылы Орлов жаяу әскерлер училищесіне түсті.

1943 жылдың сәуір айынан бастап, 235-атқыш дивизиясы, 806-атқыш полкының 1-миномет ротасында миномет расчетының командиры болып тағайындалды. Майдан жолы Курская дуга атты жерінде болған шайқастан басталып, Калинин, Брянск және 1-ші Прибалтийский фронттарында өтіп, Берлин қаласында аяқталды. Тек 1946 жылдың қазан-қараша айларында демобилизация бойынша ауылына оралыпты.

Ұлы Отан соғысы барысында ерлігін көрсеткені үшін «Боевого Красного Знамени» мен І және ІІ дәрежелі «Отечественной войны» ордендармен, екі «За отвагу» және «За боевые заслуги» медалдарымен марапатталынды.

Тасыров Жарастың соғыстағы ерлігі туралы жазушы Совет Одағы Қаһарманы Мәлік Ғабдуллин «Менің майдандас достарым» (Бұрын қимылда» мақала) және «Будни войны» («Рассказ сержанта» мақала) кітаптарында жазған.

Соғыстан кейін Тасыров Жарас Түрікменстан ССР-дың Қызыл-Әтрек аудандық атқару комитеті, Челекен және Небит-Даг қалалық атқару комитеттері жанындағы қалалық ішкі істер бөлімдерінің бастығы, ал 1974 жылдың ақпан айынан бастап Красноводск облысы атқару комитетінің жанындағы ішкі істер басқарма бастығының орынбасары лауазымдарында жұмысын атқарды.

35 жылы бойы ішкі істер органдарында қызметін мінсіз атқарғаны үшін полковник Тасыров Жарас «Отличник МВД», «Ветеран труда» және тағы да басқа бірнеше медальдармен марапатталынды.

Құрметті демалысқа 1980 жылда шыққаннан кейін өмірінің соңғы күндеріне дейін Түрікменстан Коммунистік Партия Красноводск облстық комитеті  партия комиссиясының нұсқаушысы ретінде қызметін атқарды.

Тасыров Жарастың өмір жолы 1984 жылдың 8 наурыз күні қатты ауру салдарынан үзілді.

Авторы: Тасирова Айша