Хабар телеарнасы

Медеуов Бапан (Ниязбек) (1917-1993 жж.)

Медеуов Бапан (Ниязбек) (1917-1993 жж.)

Медеуов Бапан 1917 жылы, Семей облысы, Абай ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген. 27 шілде 1939 жылы міндетті әскерге шақырылып, дайындықтан өткен. Соғыс басталғанда Саратов қаласынан соғысқа аттанған. Бірнеше рет жараланған. Орден-медальдары бар. Соғыстан 1946 жылы қайтқан.

Казіргі Абай ауданы, Сарғалдақ ауылында 1946 жылдан бастап қой баққан. 1947 жылы Дөненбаева Забираға үйленіп, отбасын құрған. 1956 жылға дейін сол жерде қой бағып жұмыс істеген. Марапаттары бар. 1957 жылы қазіргі Бородулиха ауданы, Заря колхозында қой баққан. 1969-1984 Новопокровка совхоз техникумында қой баққан. Отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиеледі. Бапанова Саида 1949 жылғы, Бапанов Сайлаухан 1951 жылғы. 1993 жылы 27 қарашада дүниеден қайтты.

Боздақтар кітабына енбей қалған.

Авторы: Шингисова Лазат Серикбаевна