Хабар телеарнасы

Әзімбаев Қыдыр (1895-1975 жж.)

Әзімбаев Қыдыр (1895-1975 жж.)

Қыдыр Әзімбаев 1895 жылы дүниеге келген. 1943 жылы соғыста болған. Жасына байланысты кештеу шақырылған. 2-Беларусь фронтында болған.Аяғына снаряд жарылып, Калининград госпиталінде емделген. Соғысуға жарамсыз болып, елге келген. Сол аяғын ептеп сылтып басып жүріп, елге де көп еңбек жасады.

1975 жылы 1 мамыр күні жерленді. Көп ауырып жатқан жоқ. Сол қайтарында: «Жеңістің 30 жылдығын көре алмадым-ау»,– деп айтып кетті. Тек өкініші сол ғана болған болар. Ең бастысы бала-шаға, немерелерін көрді. Жастайынан жетімдік көрсе де, жалғызының қызығын көрді. Арттары да қайырлы, немере-шөбере өсіп жатыр. Жатқан жері жайлы болып, топырағы тоқалы болсын!

Авторы: Шингисова Лазат Серикбаевна