Хабар телеарнасы

Тұрғынбеков Бейсенбай (1919-1988 жж.)

Тұрғынбеков Бейсенбай (1919-1988 жж.)

Менің атам Тұрғынбеков Бейсенбай 1919 жылы 1 мамырда Қарағанды обылысы, Жаңаарқа ауданы (қазіргі Шет ауданы), Айғыржал ауылында дүниеге келген. 3 жасында әкесі Тұрғынбек қайтыс болады. Анасы Ажар, ағасы Жазықбай атам қалады. Айғыржал мектебінде 5 класты бітіреді. 1939 жылы 1 қазанда Қарағанды обылысы, Жаңаарқа ауданынан (қазіргі Шет ауданы) әскерге алынады. Ол кезде әскри қызыметі 3 жыл өтейтін болған. Әскерей борышын өтеп жүргенде Ұлы Отан соғысы басталып, сол бетінде Мәскеу түбіне соғысқа кірген. Атам соғыста жаяу әскер атқыштар полькінде болған. 1942 жылы 25 наурызда басынан ауыр жараланып, контузия алған. Госпитальден шыққан соң қан майданға қайта кірген. Соғыста жүріп сол қолынан жараланады. 1945 жылға дейін 130 айырықша атқыштар полькінде снайпер лауазымында болған. 1947 жылы ауылға оралып, өмірінің соңына дейін ауыл шаруашылығында жұмыс істеген.

Атам 1988 жылы 23 мамырда өмірден өтті. Атам Бейсенбайдың ұрпақтары қазіргі таңда Қарағанды обылысы, Шет ауданы, Айғыржал ауылында тұрады.

Наградалары:

  • 1945 жылы «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» ордені;
  • 1946 жылы мамырда «Даңқ» ордені;
  • 1975 жылы сәуірде «Жеңіске 30 жыл» медалі;
  • 1978 жылы 28 қаңтарда «Қарулы Күштерге 60 жыл» медалі;
  • 1985 жылы 11 мамырда «Жеңіске 40 жыл» медалі.

Атама осындай бейбіт те шуақты күнді алып бергеніне алғысымды айтып, басымды иемін. Осындай батыр адамның немересі болғаныма мақтанамын. Рахмет сізге, ата!

Авторы: немересі Ақниет Бейсенбай