Хабар телеарнасы

Қасымов Ізбасар

Қасымов Ізбасар

Қасымов Ізбасар 1922 жылы наурыз айында Арыс ауданындағы А.Құлжабаев атындағы колхозында шаруа отбасында дүниеге келген.

1941-1945 жж. аралығында майданға 95-полктағы атты әскерге мерген, кейін «Максим» пулеметші болып, артеллеристер даярлайтын училищені оқып, аға сержант атанған.Украинаның Елецк қаласында болған шайқаста болып,Сталинград (Волгоград) қаласын қорғауға,Украина, Беларуссия жерлері жаудан тазарып, Боброский қаласын азат етіп, зеңбірекші болып, Минск шекара Бут өзені, Польша, Висла өзенінен өтіп,Франкбург қаласын азат етіп Берлинге дейін жеткен.

Наградалары:

  • Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін І-ІІ дәрежелі орденмен;
  • «За отвагу» медалі;
  • «За оборону Сталинграда»;
  • «За освобождение Варшавы»;
  • «За взятие Берлина» медалі.

Сондай-ақ Жоғары қол басшы И.В.Сталиннің Белорусь майданын бастан аяқ кешкен, Прага, Варшава, Берлин қалаларын азат етуге қатысқаны үшін Маршал Жуковтың берген мақтау грамоталарымен марапатталған.

1946 жылдың желтоқсан айына дейін Германияда ел тынышығына ат салысып, елге оралған.Соғыстан соң Сыр бойында 1949 жылы К.Маркс атындағы мектеп ашуға атсалысқан.Арыс қаласындағы «Задарья» мектебінде ұстаздық етіп зейнетке шыққан.

«Рейгстагқа оқ атқан» өз әңгімесінен үзінді:

Беларусь тракторының дөңгелегінен үлкендеу дөңгелегі бар, ұңғысы сорайған, калибрі 122 милиметрлік зеңбірегімізді сүйретіп талай жерді шарладық қой біз, Берлинге шабуыл 16 сәуірде таң сәріде басталды. Бұл бұрын-соңды болмаған шайқас. Барлық танк, катюша, зеңбіректер атқылап, жер төңкеріліп, астан-кестеңі шығып, ешнәрсе естілмейді. Біздер, зеңбірекшілер қолдағы бар оқтармен белгілі нүктелерді атып жатырмыз. Сөйтіп 12-15 шақырым жылжып, тағы да тоқтадық.

1945 жыл, 27-28 сәуір. 4-ші бригада жау солдаттарын қоршап тұрдық. Немістер қимылдағанын атып, Рейхстагқа жібермейді. Коневте 32 000, Жуковта 20 000 зеңбірек бар. Жабық нүктеден Рейхстагқа зеңбіректер ату керек.

1945 жылдың 30 сәуірі күні тағы да жолға шығып, бізге белгісіз еңкіштеу жерге келіп тоқтадық. Командир дайындығымызды тексеріп, сағат 5-тер шамасында нысынаға қарай «оқ атасың» деп бұйырды. Бұйрық тек телефон арқылы беріледі. Полк командирі келесі кезекте басқа нысанаға, Рейхстагқа қарай оқ атуымның қажеттігін ескертті. Жаудың ең соңғы ұясы Рейхстагты естігенде жүрек жарылып кете жаздады. «Төрт оқ атылсын» деген бұйрық естілісімен, екі оқ бірінен соң бірі жөнеп берді. Үшіншісіне келгенде командирдің «тоқтат» деген бұйрығы жетті. Бірақ жеңіске деген жігер зеңбірек тұтқасындағы қарулы қолға бағынбай үшінші оқ атылып кетті. Полк командирі Соколов мені шақырып: «Неге атттың?», - деп ұрысты. Сол күні кешке сағат 6-ларда «Рейхстагқа ту тігілгілді» - деп рациядан қуанышты хабар келді. Солдаттар «уралап», бірі күліп, бірі жылап жатты. Ал, мен уайымдай бастадым, «Командир не дер екен, үшінші оқты атқаным үшін мені ату жазасына бұйырар ма екен?», - деп. 

Бір уақытта командир келді, түсі жылы сияқты. Келе мені құшақтап, кешірім сұрағандай, арқамнан қақты. Командир: «Сен атқан үшінші оқ дәл Рейхстагтың төбесінен түсті, біздің солдаттардың ешқайсысына зияны болмады» дегенде, солдаттар мені жоғары көтеріп, лақтырып жатты. Тағы белгілі болғаны, алғашқы екі оқтан кейін Рейхстагқа 400 метрдей жерде жатқан солдаттар дүр көтеріліп, шабуылға шыққан екен. Менің атқан үшінші снаряд жеңіске жол ашыпты.

52 мың зеңбіректен менің зеңбірегімнің оғы Рейхстагқа тигеніне таңғалдым, әрі қуандым.

Авторы: Касимова Хамила Избасаровна