Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел 15-22 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Бұрқасынмен бірге жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 17-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.