Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с  болады. Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с, Қостанай облысының кей жерлерінде  екпіні 25 м/с күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел  15-20 м/с күшейеді.  

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с  күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде жел 17-22  м/с күшейеді.