Хабар телеарнасы

Кино


«Спорт әлемі»

«Спорт әлемі»

Көрерменді жеңістер мен әсерлі голдармен бірге, спорттық өмірдің басқа да көріністері қызықтырады.

Бағдарламаның мақсаты – ресми жарыстардың құрғақ нәтижелерімен, спортшылардың сұхбаттарымен шектеліп қалмай, «Хабар» арнасының жанкүйерлерін спорт әлемінің сырт көзден таса қалатын тынысымен таныстыру. 

Әдетте спорттың бейресми өмірі көлеңкеде қалады. "Спорт әлемі" БАҚ-нда, әлеуметтік желілерде жарияланған спортшылардың сайыс алаңдарынан тыс жеке өміріне қатысты кез келген ақпаратты саралайды, талқыға салады. Жоба атауы бағдарламада ешқандай шектеулер болмайтынын айқындатады. Қазақстандағы және жалпы әлем спортында болып жатқан қызықты оқиғаларға тоқтап, өзекті мәселелерді паш етеді.

Бағдарлама соңында интернет кеңістігінде қанат жая бастаған көңілді роликтер топтамасы ұсынылады.  Спорт әлеміне саяхат жасап, жаңалықтарымен таныс болыңыздар!

Бағдарлама жүргізушісі: Олжас Ибраев

Продюсер: Асқат Жақаев

Шеф редактор: Айбек Қабылша

Қоюшы режиссер: Баян Арыстанова

Редакторлар: Амангелді Сейітханов, Қанат Базылхан, Жандос Айтбай, Нұрбек Байбосын

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Ду-думан»

«Ду-думан»

«Хабар» телеарнасы «Әзіл майданы» атты ойын-сауықтық «Ду-думан» бағдарламасының кезекті төртінші маусымын ашық деп жариялайды. Жаңа маусым – әзіл-сықақ және сатира мерекесі. 


«Бизнес сыры»

«Бизнес сыры»

«Кәсіпкерлік ұлттық экономиканың жетекші күші болып табылады. Шағын және орта бизнес отандастарымыздың дәстүрлі отбасылық кәсібіне айналып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыруы қажет».

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан.

Әр кәсіпкердің бизнесте табысқа жетуі - мемлекеттің әл-ауқатының артуы деген сөз. Бұл тұрғыдан отандық өнім өндірушілер кәсіпкерліктің қыр-сыры туралы өз тәжірибелерімен бөліседі.

Эфир уақыты: әр дүйсенбі, 12.50-де

Cценарий авторлары: Сержан Закеұлы, Рабиға Аябекова

Режиссерлер: Қанатбек Үсібалиев, Жандос Еспембетов

Продюсері: Гүлфариза Зұлқашева

Координатор: Айман Сексенбаева

Байланыс: 8 7272 700-084

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Ойжүйрік»

«Ойжүйрік»

«Ойжүйрік» бағдарламасы сізді теледидар алдына отбасыңызбен бірге жинайды.

Әрбір раундта келбетін өзгертіп тұратын кең де жарық студия, үлкен экрандар, таңқалдырарлық эффектілер. Жүргізуші Нұрсұлтан Құрман ойынның барлық кезеңінен өтті және жауаптарды біледі. Бірақ ең бастысы - жеңімпаздардың көңіл-күйі, қуанышы мен өкініші.

Мұндай жоба Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Қызықты да танымдық ерекше шоуды, арнайы телеойынды қалт жіберіп алмаңыздар. Бұл жоба сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп қана қоймайды, күлуге мәжбүрлейді. Себебі бұл бағдарламада көрермендер мен қатысушыларды ойлануға, қиял ұшқырлығын танытып, жедел ойлауды дамытуға итермелейді. тапсырманың қызық әрі соншалықты күрделілігі сондай жылдам ойлап, тез шешім қабылдау керек.  Ал біз ел тарихында айрықша орны бар айтулы тұлғалар мен танымал актерлер, музыканттар, спортшыларды  жақсы танимыз. 

«Ойжүйрік» жеңімпаздарының да жұлдыз болып шыға келетініне еш шүбәңіз болмасын. Хабардың көрермендері олармен бірге 4 күрделі сынақ кезеңінен өтеді. 90 сұрақ суретпен бірге, шектеулі мерзім, түрлі қиындықтарға толы 4 раунд, бәсекелестік мен керемет үйлесімін тапқан жүргізушілік. Әрбір қатысушы - керемет тұлға, бірақ тек тек білімді, өресі биік, тығырықтан шығар жолды тосыннан қиыстыра тауып, батыл шешім қабылдаудан тартынбайтын тәуекелшіл адамдар ғана үздік атанады.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында

 


«Сәтті сауда»

«Сәтті сауда»

Сіз дүкенге бардыңыз, керек заттарды алдыңыз да кассаға қарай бет алдыңыз. Міне, осы сәтте...

Бұған дейін ойын алаңына түскеніңізді ойламаған да едіңіз. Жуық арада сауда алаңының түсірілім алаңы боларына біз көз жеткіземіз. Тек студиядағы бағдарламадан айырмасы көп. Мұнда жоспарлы қойылымдық пландар болмайды. Шынайы өмірдегі тұтынушылар, шынайы жағдаяттар мен викторинаға қатысуға деген қызығушылық - мұның бірі де «Сәтті сауда» жобасының «кілті». Жоба авторлары кез келген көрерменнің ойынға қатысып, өз өрелі танымын сынап көрмектен бас тартпайтынына сенімді.

Оған қоса мұндай «Cash Cab» форматындағы реалитидің телевидениені ұғынықты және қарапайым деңгейге жеткізгенін айтады. Шын мәнінде, көрермендер осындай шынайы және ешбір әзірліксіз жасалған ойындарға жанкүйер болады. Себебі оған қатысушылардың орнында өзі де болуы мүмкін ғой.

Сонымен, кәдімгі супермаркет, кассадағы кезек. Сатып алушылардың біріне режиссер ассистенті келіп, ойынға қатысуға ұсыныс жасайды. Жүргізуші ойын тәртібін түсіндіреді. Викторинаның 10 сұрағына дұрыс жауап берсе, корзинадағы заттардың өтемін жасауға болады. Біріншісі, алынған тауардың бағасына байланысты. Келесі тоғызы қиынырақ, бірақ олар ұтыс көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді. Егер жолыңыз болса, ақша барлық алған тауардың құнын өтеуге жетуі мүмкін.

Ал эфирден кейін «Сәтті сауда» викторинасының жеңімпазын көршілері мен қызметтестері зор ықыласпен қарсы алады!

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында