Хабар телеарнасы

Кино


Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

«Хабар» Агенттігі Қазақстандағы медиа-кеңістіктің көшбасшысы болып, «Хабар» қоғамдық-саяси телеарна, тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық телеарна «24KZ» және жастар телеарнасы EL ARNA деген үш арнаның телеотбасысы.

Жыл сайын «Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша отандық сериалдардың 200-ден астам бөлімдері шығарылады. Жанрлардың әртүрлілігі кез-келген нысаналы аудиторияны қанағаттандыруға мүмкіндік береді: мелодрамалар, комедиялар, деректі фильмдер мен бағдарламалар, ойын-сауық шоулар, тарихи және өмірбаяндық сериалдар бар. Агенттік сонымен қатар 1990 жылдардан бастап мұрағаттық кадрлардан тұратын үлкен бейнемұрағатқа және ел аймақтары мен таяу әрі алыс шет елдерде АҚШ, Ресей, Бельгия, Франция, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Қытай және Германиядағы өкілдіктері бар дамыған тілшілер желісіне ие.

28 жылдық шығармашылық қызметі Агенттікке бірнеше мемлекеттік, халықаралық және кәсіби марапаттарға ие болды. Агенттіктің журналистер жұмыстары беделді EMMY телевизиялық сыйлығына, Ресейдегі «Золотой глагол» сыйлығына ұсынылды. Еуразиялық телевидение және радио академиясының (Ресей) байқауларында жеңістер де бар, Еуразияның ақпараттық-мәдени кеңістігін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін «Петр Великий» медалі бар. «Город будущего» жастар бағдарламасының бірі Жапониядағы халықаралық фестивалінде әлемнің үздік бағдарламаларының ондығына кірді.

Севастопольдегі халықаралық «Бауыржан Момышұлы» тарихи таспасы лауреат атанды, 2019 жылы «Шестой пост» сериалы «ТЭФИ – Содружество» сыйлығын алды. 2020 жылдың ақпан айында «Цена покоя. Запад» және «Цена покоя. Север» деректі фильмдері, сондай-ақ «Парящий под солнцем» фильмі «Большая страна» номинациясында «Страна» Ұлттық телевизиялық сыйлығының IX финалистері болды. Семей ядерлық полигоны туралы «Хабар» телеарнасының «Полигон» тарихи хикаясы 2022 жылы Ресей Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің «Үздік телевизиялық мини-сериал» номинациясында жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар Агенттік халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізуде, Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағының (ABU) толық құқықты мүшесі және Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдастырылған мүшесі болып табылады, бұл мүшелік жыл сайын түрлі конкурстарға, тренингтерге, шығармашылық жобаларға және т.б. қатысуға мүмкіндік береді. 2018 жылдан бастап Агенттік Junior Eurovision («Детское Евровидение») ән байқауына қатысып, Қазақстанның алғашқы қатысушысы жас орындаушы – Данелия Тулешова (6 орын) болды. 2019 жылы жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанның өкілі Ержан Максим құрметті 2 орынға ие болды. 2020 жылы Junior Eurovision Қазақстаннан Қарақат Башанова 2 орын алды. 2021 жылы Қазақстан атынан Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин Хамзин қатысып, 19 қатысушы елдің ішінен жалпы есепте 8-ші орынды иеленді. Ал 2022 жылы халықаралық байқауда Қазақстан атынан Давид Чарлин "Жер-Ана" әнімен қатысты. Конкурсқа қатысушы елдердің ұлттық судьяларының дауыс беру нәтижелері бойынша, сондай-ақ әлем телекөрермендерінің онлайн дауыс беруі бойынша еліміздің өкілі Еуропаның 16 қатысушылардың жалпы есебінде 15-орынға ие болды.

Сонымен қатар ABU-дегі толық мүшелігі жыл сайын түрлі байқауларға, тренингтерге, шығармашылық жобаларға және т.б. қатысуға мүмкіндік береді. Агенттік «ABU Prizes 2022» және «ABU Song Festival» 2022 сияқты халықаралық шығармашылық байқауларға қатысуын жалғастырды. Осылай 2022 жылы Мәди Сыздықов Нью-Делиде өткен «ABU Song Festival» 2022 фестиваліне қатысуға шақыртылды, онда Мәди Сыздықов құрмет грамотасымен, ал «Хабар» Агенттігі Фестиваль мүсіншесімен марапатталды.

2023 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет «Наурыз-2023» отандық сериалдар сыйлығы өтті, онда «Келінжан» сериалы бірнеше номинация бойынша үздік деп танылды.

 

 



«Topjarǵan». II маусым

«Topjarǵan». II маусым

«Topjarǵan» – әлем бойынша жүзден аса жобаны жүзеге асырушы Armoza Formats (Израиль) компаниясына тиесілі жаңа әлемдік форматтағы музыкалық шоу.

Жобаның басты ерекшелігі – алғашқы эфирде ақтық мәреге дейін өзінің үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалу үшін сайысатын төрт мықты орындаушының белгілі болуы.

Әр бөлімде жаңа қатысушылар финалист атану үшін үздік төрттіктің біреуін жекпе-жекке шақырады.

Ақтық сында Сайыс жеңімпазы атағы үшін төрт финалист бір-бірімен жарысады.