+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Рамазан Стамғазиев, Олжас Рамазанұлы. «Әке бақыты»

Рамазан Стамғазиев, Олжас Рамазанұлы. «Әке бақыты»

Әке – өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті байланыстырып тұрған алтын көпір. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Себебі әке – ұлы күш пен сабырлықтың иесі. «Әке бақыты» бағдарламасында елімізге танымал жұлдыздар балаларымен бірге уақыт өткізіп, әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың жарқын үлгісін көрсетеді. Бағдарламаның мақсаты – баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы әке рөлінің маңыздылығын айқындау, отбасы құндылығын дәріптеу. Терең тәрбиелік мәні бар «Әке бақыты» бағдарламасын әр сенбі сағат 11:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар.