Хабар телеарнасы

Елімізде кедейлер көбейді. «Негізінде...»

Қазір әлемде болып жатқан оқиғалар қазақстандықтардың ахуалын одан сайын қиындатып жатыр. Пандемия, қаңтар оқиғасы, енді міне, санкцияға көмілген көрішіміз. Бұлардың бәр бізге де кері әсерін тигізеді, негізінде...

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін азаматтардың үлесі 5% жетеғабыл. Демек, 950 мыңға жуық адамның айлығы 36 мыңға да жетпейді деген сөз. Кедейшілік қос бүйірден қысқан заманда бұл ақшаға қалай күн көріп жатқанын бір Құдайдың өзі білсін?! Ал бір жарым миллионнан астам азаматтың еңбекақысы 60 мыңнан аспайды екен. Қысқасы, елімізде 1,5 млн адам күнін зорға көріп жүр. Қалғандарының да шекесі қызып тұрғаны шамалы...