Хабар телеарнасы

БАҒА, ҚАЙДА БАРАСЫҢ?! «Негізінде...»

Украинадағы геосаяси дағдарыс. Осыған байланысты әлемдік экономика бір теңселді. Батыс Ресейдің тынысын тарылтты. Көршіміз санкцияға көмілді. Рубль құлдырады. Іргедегі көршіміз болған соң бұл жағдай бізге де кері әсерін тигізбей қоймады. Төл теңгеміз бір көтеріліп барып, сәл-пәл төмен түсті.
Бірақ азық-түлік бағасы төмен түспей тұр-ау. Керісінше өсіп жатыр ма дерсіз. Шыны керек, базарға барған сайын жұрт таңдай қақпай қайтпайтын болды.
Себебі азық-түлік құны қырық құбылады. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы ұстатпай тұр. Удай қымбат. Содан болар тұрғындар азық-түлікті бұрынғыдай молынан емес, шақтап қана алатын болды.