Хабар телеарнасы

Нұрмахан Мұсатов

Нұрмахан Мұсатов

Телеоператор

Нұрмахан 1972 жылдын 9 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданына қарасты  Бейнеткеш  ауылында туған.

Жанабазар ауылдық Мәдениет сарайында мәдениет қызметкері болып еңбек жолын бастады. 1994 жылдың 1 ақпанында облыстық телеарнасында дыбыс режиссерінің комекшісі болып жұмысқа орналасады. Кейін дыбыс режиссері, монтаждаушы оператор, АСБ операторы, компьютерші-дизайнер сияқты көптеген жұмыстарды  атқарды. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметінде бас маман, Шымкенттік «КиноЖүз» киностудиясынды бас оператордың ассисенті, «Оңтүстік» бейнестудиясында телеопертор әрі бейнеинженер, «Отырар» телеарнасында телеоператор, ШТВ телеарнасында режиссер, «Астана» телеарнасында телеоператор болып жүріп, тәжірибе жинады.

Облыста жылдың үздік режиссеры, жылдын үздік операторы, облыс әкімінің алғыс хаттары, ҚР Президентінің алғыс хаты сияқты көптеген марапаттауларға ие болды. 2008 жылдың күзінен бастап «Хабар» Агентігі» АҚ ОҚО бойынша телеоператоры болып жұмыс істеуде.

«Өзімді білгенінен үйренетіні көп телеоператор деп есептеймін. Өз кәсібімді өте жақсы көремін», – дейді ол.