Хабар телеарнасы

Батырбек Ғаділбеков

Батырбек Ғаділбеков

1989 жылы 8 қыркүйекте Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтында жоғары білім алған.

Телевидения саласындағы еңбек жолын 2009 жылы «Қазақстан Атырау» телеарнасында «инженер-монтажер» қызметінде бастап, кейіннен телеоператорлыққа ауысқан.

2013 жылдан бері «Хабар» арнасында қызмет етеді. Осы уақыт ішінде Елбасының қатысуымен өткен маңызды іс-шараларда, Елбасының ұлықтау рәсімдерінде, Қазақстан Ассамблеясы, «Нұр Отан» съезі, спорттық тікелей эфир түсірілімдеріне қатысқан.