Хабар телеарнасы

Нұрлан Жақыпбеков

Нұрлан Жақыпбеков

Тілші

Мен мектепте жүргенде осы телеарнадағы журналистер қалай жаңалықты тез біліп, тез жазып, тез беріп үлгереді деп таң қалатынмын. Оның үстіне көп білетіндерін, терең түсінетіндерін айтсаңшы. Содан кейін де мен кәсіп таңдағанда, көп ойланған жоқпын. «Ұстаз үні” мен “Сыр түлегі” басылымына өлеңдерім мен жазбаларым шыққан соң журналист болатынымды түсіндім. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін таңдадым. 

Студент болып жүріп, жергілікті телеарнада тілші және хабар жүргізуші қызметін атқардым. “Аптаның алты ауызы”, “Үштаған” сараптамалық бағдарламаларын жүргізгеннен кейін халық мені тани бастады. Қазір «24kz» телеарнасының тілшісімін. Бала күнгі сұрақтарымның шешімін тапқандаймын. Мұндағы ақпаратқа деген құштарлық пен еңбектің қызған ортасы үнемі алда жүруге талпындырады. Қолым бос кезде кітап, газет, жорналдарды оқудан бөлек, спортпен шұғылданамын. Әлемдік және Еуропа чемпионаттарын жібермеуге тырысамын. Футбол ойнаймын. Ал сымбатты көріну - менің басты қағидам.