Хабар телеарнасы

Руслан Әлиев

Руслан Әлиев

Телеоператор

 

Мен Омбының қазағымын. 2006 жылы Петропавл қаласына қоныс аударып, қалалық телеарнаға телеоператор болып жұмысқа орналастым. Содан бері камерадан қол үзген жоқпын. 

Бұл мамандық тек бейнетүсірілім ғана емес, сонымен қатар режиссерлік қабілетті де талап етеді. Сондықтан, әрдайым ізденіс үстіндемін. Қалалық телеарнаға 7 жылымды арнап, азды–көпті тәжірбие жинақтадым. 2013 жылы тәулік бойы хабар тарататын «24kz» арнасына орналастым. Бұл мен үшін жұмыс қана емес, шығармашылықтың қайнаған ордасы.