Хабар телеарнасы

Нұргүл Қазиева

Нұргүл Қазиева

Тілші

Мен қытымыр қыста Солтүстік Қазақстанның сұлу мекендерінің бірі - Жамантаудың баурайында дүниеге келдім. 6 жасымда тұңғыш “Гена” туралы өлеңімді қағаз бетіне түсірдім. Кейіннен “Отан”, “соғыс” туралы қалам тербеген туындыларым аудандық «Ишим» газетінде жарық көрді. Бұл менің журналистикаға жасаған бірінші қадамым. Екіншісі – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне оқуға түсуім. Жалпы, телевизия саласына 19 жасымда келдім.

Облыстық «Қазақстан - Петропавл» телеарнасында тәжірбиеден өтіп, жұмысқа шақырту алдым. Онда жаңалықтарға ақпарат әзірлеумен қатар, авторлық бағдарламаларды жүргіздім. Мәселен, «Личность» жобасымен журналистер арасында өткен бірінші республикалық байқауында Мағжан Жұмабаев атындағы сыйақыға ие болдым. Сонымен қатар, Президенттің және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталдым. «24kz» арнасында құрылған күнінен бастап жұмыс істеуімді мақтан тұтамын.