Хабар телеарнасы

Евгений Шинкаренко

Евгений Шинкаренко

Телеоператор

Евгений Шинкаренконың “Хабар” агенттігінің Ақмола облыстық тілші қосынында еңбек еткеніне 10 жылдан асты. Ол негізінде туристік саламен айналысуы тиіс еді. Өйткені оның дипломы сол саламен тығыз байланысты. 

Алайда табиғат десе жаны сүйсінетін Евгений Тянь-Шань тауларына шыққан сайын бейнекамерасын ала барады. Мектепте оқып жүрген кезінде анасы оған “Зенит” деп аталатын фотоаппарат, ал әкесі фотолаборатория сатып әперген еді. Осылайша бейнекөрініске деген қызығушылық оны телеарнаға жетеледі. Мұндағы дауыстар мен бейнелерді ол көпшілікке жеткізуді армандайды.