Хабар телеарнасы

Ардақ Қабыханов

Ардақ Қабыханов

Тілші

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мен Қабыханов Ардақ Асылханұлы 1978 жылдың 6 қыркүйегінде Алматы қаласында өмірге келдім. 1995 жылы орта мектепті тәмамдаған соң, Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика бөліміне оқуға түсіп, 1999 жылы диплом алдым. 

Сол жылы Қарқаралы қаласындағы «Қарқаралы» газетіне тілші болып жұмысқа орналастым. 2004 жылы Қарағанды қаласындағы аймақтық «Жастар әлемі» газетіне бас редактор болып ауыстым. 2005 жылы қаладағы «Терра» радиосында диктор болдым. 2006–2007 жылдары облыстық «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында, 2007-2008 жылдар аралығында «Астана» телеарнасының Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек еттім. 

2008 жылдан қазіргі күнге дейін «Хабар» агенттігінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісімін. Үйленгенмін, үш балам бар. Табиғатта серуендеп, балық аулағанды жаным сүйеді. Арманым ғарышқа ұшу.